Тоқаев Жамбыл облысында болған жарылысқа байланысты шұғыл жиналыс өткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы мәлімет бойынша, төтенше жағдай салдарынан 5 әскери қызметші қаза тапты

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Жиынға Премьер-министр, құқық қорғау, қорғаныс, қауіпсіздік және басқа да күштік құрылымдардың басшылары қатысты. Сондай-ақ, Тараз қаласынан бейнебайланыс арқылы Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері және Жамбыл облысының әкімі қатысты.

Бұл шұғыл жиналыс туралы толық ақпаратты akorda.kz сайтында жарияланады.