Қазақстанда 2022 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақының көлемі артады

Автор: Azattyq Rýhy

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуға байланысты төленетін әлеуметтiк төлемдер өсті

Фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы» үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оған сәйкес, келесі жылдан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылуға байланысты төленетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi 5%-ға өседі.

«2022 жылдың 1 қаңтарына дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен бес пайызға арттырылсын», - делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.

Қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзіледі.

Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 13 қыркүйекке дейін созылады.