Бұл туралы Ерлан Қиясовтың қаулысында жазылған
Қазақстанда Ashyq қосымшасын 12 жастан асқан балалар да пайдалана алатын болды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысында жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
«12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға Ashyq қосымшасында, ерікті түрде тіркелуіне рұқсат беру қамтамасыз етілді», - делінген қаулыда.