Жол жүруден бас тартқан жағдайда жол жүру құны толық қайтарылады
Әскери қоймадағы жарылысқа байланысты Тараз – Луговая учаскесіндегі жағдайға байланысты жолаушылар пойыздары қозғалысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметінен хабарланды.
Ұлттық тасымалдаушы Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Тараз – Ақшолақ» учаскесінде жолаушыларды автокөлікпен (автобустармен) екі бағытқа тасымалдады. Мақсат - жол жүру құжаттарына (билеттерге) сәйкес жолаушылардың пойызбен баратын жеріне жетуіне көмектесу.
Жолаушылар тоқтатылған пойыздарға жол жүру құжаттарын қайтару бойынша жүгінгенде билет ақшасы қайтарылады:
«Тараз – Луговое» учаскесіндегі жағдай тұрақталғанға дейін жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Шу, Луговая, Бурное, Тараз, Сарыағаш станцияларында тәулік бойы теміржол билет кассалары жұмыс істейтін болады.
ҚТЖ жолаушылардан барлық сұрақ бойынша вокзалдардың анықтама қызметіне хабарласуды сұрайды:
«Тараз – Ақшолақ» учаскесінде пойыздар қозғалысын ашу бойынша қосымша хабарланады.