Ауғанстанның экс-министрі Германияда пицца жеткізумен айналысып жүр
Ол 2020 жылы мемлекеттік қаражатты қайта бөлу саясатымен келіспей, отставкаға кеткен
Ауғанстанның бұрынғы министрі Германия пицца жеткізумен айналысады. Бұл туралы EHA news ақпараттық порталы өзінің Twitter парақшасында жариялады.
Фотода көрсетілгендей Ауғанстанның бұрынғы байланыс министрі Сайед Ахмад Шах Саадат қазір Лейпцигтегі «Лиеферандо» жеткізу қызметінде тағам тасымалдаушы болып жұмыс істейді.
Сайед Ахмад Шах Саадат 2018-2020 жылдары Ауғанстанның коммуникациялар және ақпараттық технологиялар министрі міндетін атқарған. Аталған қызметінде ел аумағын мобильді байланыспен қамту мәселелерімен айналысып, Қытаймен осы бағытта екі мемлекет арасында келісім жасасты. Алайда 2020 жылы мемлекеттік қаражатты қайта бөлу саясатымен келіспеуіне байланысты отставкаға кетті. Қызметінен босағаннан кейін ол Германияға қоныс аударды. 18 тамызда Фейсбуктегі парақшасында Ауғанстанның бейбіт өмірге қайта оралуына үміт білдіріп, Талибан Үкіметіне елді дигитализациялауда табыс тіледі.