Әр қазақстандыққа 125 мың теңгеден төленетіні туралы ақпарат жалған – министрлік

Автор: Azattyq Rýhy

Еңбек министрлігі жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске салады

Фото: ашық дереккөзден

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, белгілі бір сілтеме бойынша өткен Қазақстанның әрбір азаматына 125 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем жүзеге асырылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін қолдануы мүмкін екенін ескертеміз. Ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыз.

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз.

Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.