$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.08.2021, 21:58
Жаңалықтар

Қосшы қаласының әкімі тағайындалды

Қосшы ауылы 2021 жылғы 27 шілдеде ресми түрде қала мәртебесін алған болатын

Қосшы қаласының әкімі тағайындалды

23 тамыз күні Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Қосшы қаласының әкімі тағайындалды. Бұл туралы облыстық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі болып Атбасар ауданының тумасы Ғайдар Қасенов тағайындалды.

Ғайдар Қасенов С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетті, Халықаралық бизнес академиясын тәмәмдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.

2001 жылдан 2006 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, кейін аудан әкімі қызметтерін атқарған.

2008-2015 жылдары «Қазтеміртранс»АҚ Корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі болып еңбек етті.

Еске сала кетейік, Қосшы ауылы 2021 жылғы 27 шілдедегі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ресми түрде қала мәртебесін алған болатын

Серіктес жаңалықтары