Үндістан билігі жаңа вакцинаны қолдануға рұқсат етті
Үндістанның Ғылым және технологиялар министрлігі ДНҚ негізінде жасалған әлемдегі алғашқы коронавирус вакцинасын ересектерге және 12 жастан асқан балаларға салуға болатынын мәлімдеді. Үндістанның Дәрі-дәрмектер жөніндегі (DCGI) бас бақылаушысы ZyCoV-D Zydus Cadila вакцинасын шұғыл қолдануға рұқсатын берді, деп хабарлайды India TV News Desk.
Үнді вакцинасы ІІІ клиникалық сынақтан өтіп, оған 28 мың ерікті қатысқан. Вакцина Үндістанның 50-ден астам орталығында ірі клиникалық сынақтан өткізілген.
Үндістанда Covishield (Serum Institute), Covaxin (Bharat Biotech), Sputnik V (Ресей), Moderna және Johnson and Johnson вакциналары (Америка) қолданылып келеді. Енді бұл екпелердің қатарына ZyCoV-D Zydus Cadila вакцинасы қосылды.