Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 109 науқас көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 вирусын жұқтырған 1927 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 22 тамыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 93 адам қайтыс болды.

22 тамыздағы мәлімет бойынша, 123 773 адам коронавирус инфекциясынан (–117 885 + және 5 888 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 29 856 пациент стационарда, 93 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 927 адамның жағдайы ауыр,
• 523 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 249 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 20 тамыздағы мәлімет бойынша 310  жаңа жағдай тіркелді, 110 адам жазылып шыққан, 16 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

науқастар саны – 67 805; 

өлім жағдайы – 4216;

барлығы 57 701 адам сауығып шықты.