21 тамызға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауады

Синоптиктер 21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады», - делінген хабарламада.

Күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады, облыстың солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының батысында шаңды дауыл соғады, таулы аудандарында және батысында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының оңтүстік–шығысында және оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауыл соғады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында және оңтүстік-батысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады, Ақмола облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.