Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 163 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның 118-і коронавирус инфекциясынан қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

18 тамызда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 163 адам көз жұмды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Оның 45-і пневмониядан, ал 118 науқас КВИ-ден қайтқан.

20 тамыздағы мәлімет бойынша, 122 620 адам коронавирус инфекциясынан (–117 108 + және 5 512 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 128 пациент стационарда, 92 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 918 адамның жағдайы ауыр,
  • 551 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 248 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
  •