$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2021, 13:40
Жаңалықтар

Келесі оқу жылынан бастап «Алтын белгіге» үміткерлер үшін талап тағы күшейтіледі

Түлектер үшін емтиханды тәуелсіз ұйым өткізеді

Келесі оқу жылынан бастап «Алтын белгіге» үміткерлер үшін талап тағы күшейтіледі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында келесі оқу жылынан бастап «Алтын белгіге» үміткерлер үшін талап ары қарай күшейтілетінін айтты.

«Біз талаптарды кезең-кезеңмен жыл сайын өзгертіп жатырмыз. Биыл енді екінші кезең қамтылады. Екінші кезең дегеніміз, тоқсандық «бес» бағасымен қатар, үміткерлердің 5-11 сынып аралығындағы барлық тоқсандық бағалары да «5» болуы керек деген қағида енгізіледі», - деді министр.

Министрдің айтуынша, түлектер үшін емтиханды тәуелсіз ұйым өткізеді. Асхат Аймағамбетов бұл реформа оң нәжесін береді деп сенеді.

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстанда 9 738 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. 2019 жылы төсбелгіні 7349 оқушы, 2020 жылы 8 615 оқушы иеленген. Биыл «Алтын белгі» иегері атанған түлектердің басым бөлігі Түркістан (1 856), Алматы (1 432) және Шығыс Қазақстан (738) облыстарынан.

Серіктес жаңалықтары