Алдағы тәуліктерде республиканың басым облыстарында қар жауып, бұрқасын көтеріледі
Синоптиктер 24-26 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 желтоқсан - қысқы күн тоқырауы мен астрономиялық қыстың басы. Күнтізбелік және метеорологиялық қыстың нағыз қызған кезі.
Қазақстан арқылы белсенді атмосфералық фронттар және антициклондар бірінен кейін бірі жылжиды. Осыған байланысты республиканың басым облыстарында алдағы тәуліктерде қар жауып, бұрқасын көтеріледі. Кей жерлерде екпінді жел соғады.
Ал суық фронттың артынан республикаға антициклон ығысып, жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы төмендейді.