Қазақстан Ауғанстаннан қашқан босқындарды қабылдай ма – ҚР СІМ жауабы

Автор: Azattyq Rýhy

Желіде тарап жатқан қауесетке қатысты министрліктің ресми өкілі жауап берді

 

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ауғанстаннан қашқан босқындарды қабылдайды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

«Қазіргі кезде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ауғанстандағы ахуал сағат сайын өзгеріп жатыр, сондықтан нақты шешім туралы айтуға әлі ертек», - деп пікір білдірді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оқи отырыңыз: «Талибан» содырлары Кабулға басып кірді

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді. Сондай-ақ Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді тапсырды.