Түркістан облысында лауазымды тұлға 5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол қылымыстық әрекетін толық мойындады

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Түркістан облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Лауазымды тұлға жеке мектеп өкілінен білім беру қызметіне лицензия беру үшін 5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Қылымыстық іс-әрекетін толық мойындауына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жалғасуда.