Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 6 миллионға жуықтады

Автор: Azattyq Rýhy

 4,6 млн адам толық иммундаудан өтті

Фотог: ашық дереккөзден

Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 6 миллионға жуықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 12 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 5 991 676 адам, 2 - ші компонентін 4 616 253 адам салдырды.