Аталған дүниежүзілік біріншілікке Қазақстан сапынан 10 балуан қатысады
Еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ресейдің Уфа қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Аталған дүниежүзілік біріншілікке Қазақстан сапынан 10 балуан қатысады.
Олар:
57 келі: Есенгелді Асылжан
61 келі: Маликов Саламат
65 келі: Ермекбай Бекзат
70 келі: Бауыржанов Әсет
74 келі: Қуанышбай Нұрдаулет
79 келі: Нұржаубаев Махамбет
86 келі: Ильясов Исламбек
92 келі: Үркімбай Бекзат
97 келі: Гафуров Юнус
125 келі: Тажи Бекзат.
Жастар құрамасын әлем чемпионатына аға жаттықтырушылар Мадияр Құрамсов пен Самат Жақыпов бастап барады.