12 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Түркістан облысы қайтадан «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Өткен тәулікте бұл өңір «қызыл» аймаққа ауысқан болатын.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары;
«Сары» аймақта: Түркістан облысы орналасқан.