«Қазатомөнеркәсіп» әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық компания нормативтік құқықтық акті талаптарын бұзған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық  және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті уран экспорты мен импорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы мәртебесіне ие «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді деп хабарлайды Аzattyq-ruhy Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Тексеру барысында табиғи уранды жөнелту, персоналды оқыту және физикалық қорғау жоспарының болуы кезінде уәкілетті органды уақтылы хабардар етпеу бөлігінде атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы анықталды»,- делінген хабарламада.

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, әкімшілік жаза қолдану қаралды.