Алматыда егде жастағылар стационарға ауыр жағдайда түсіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Қала әкімдігі КВИ-ге қарсы шаралар туралы медициналық ұйымдармен кеңес өткізді

Фото: astana.gov.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қалалық жедел штаб отырысында ковидтік стационарларға, жедел жәрдемге және АМСК жүктемесінің өсуіне байланысты ауруханаға уақытылы жатқызу және емделу тиімділігін арттыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал өршіп тұр, дертті тәулігіне 1,5 мыңнан астам жұқтырған. СЭБД мәліметі бойынша, жағдай 28 шілдеден бастап КВИ-ді жұқтырғандарды тәуліктік тіркеу 1,5 мың жағдайдан асты. Шілдеде 25,5 мың жағдай тіркелген, жыл басынан бері 95 мың жағдайды құрады. Жағдай сонымен қатар симптоматикалық пациенттер үлесінің 94%-ға дейін ұлғаюымен қиындады.

«9 тамызда коронавирус инфекциясының 1486 жағдайы тіркелді, оның 1405-і симптомды, 81-і симптомсыз. Инфекциялық стационарлардан 827 адам шығарылды, 641 науқас түсті. Жүктемесі 8 230 төсек-орынды ковидті стационарларда барлығы 5 259 адам, оның ішінде 217 бала ем алуда. Ауруханаға жатқызылған науқастардың жалпы санының 213-і өте ауыр халде, 1,539-ы ауыр, 3,512-сі орташа ауыр халде», - делінген әкімдік хабарламасында.

Реанимация және интенсивті терапия бөлімінде 403 пациент бар. ӨЖЖ аппаратында – 58, инвазивті емес ӨЖЖ-де – 168, High flow аппаратында – 153. Реанимация бөлімшелеріндегі пациенттердің үлесі тұрақты түрде өсуде. Егер 1 тамызда 310 науқас реанимацияда болса, 3 тамызда – 362, 5 тамызда – 385, 9 тамызда – 397 пациент.

«Алғашқы медициналы -санитарлық көмек пен жедел жәрдем қызметтеріне жүктеме артты. Бүгінде 11 632 пациентті АМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтары үйлерінде бақылауда, симптомды – 11 090 жеңіл және орташа ауырлықта, симптомсыз – 542. Бұл көрсеткіш те өсуде», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қоғамдық денсаулық басқармасына COVID -19 науқастарды АМСК деңгейінде үйде емдеуге арналған медициналық қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ, өлім-жітімді азайту үшін ковид ауруханаларының реанимация және интенсивті терапия бөлімшелірінде жедел жәрдем жұмысын және жедел жәрдем көрсетуді күшейту тапсырылды.

Е. Бабақұмаров сонымен қатар Қоғамдық денсаулық басқармасына эпидемиологиялық ахуалдың дамуына қарай медициналық ұйымдарға жүктемені бөлудің жедел жоспарын дайындауды тапсырды.

«Соңғы екі аптадағы жас құрамына жүргізілген талдау 60 жастан асқандарды қоспағанда, барлық жастағылардың дертті жұқтыру үлесінің 2%-ға төмендегенін көрсетті.

Дерт 20-39 жас (36%), 40-59 жас (25%) және 60 жастан асқан адамдар (22%) арасында жиі тіркелген. Бұл санаттар барлық жағдайлардың 83%-ын құрайды. 60 жастан асқандар арасында дерт жұқтыру 2,1%-ды құраған. Олар стационарларға ауыр жағдайда түсуде, бұл алаңдатарлық жағдай», - делінген хабарламада.

Жұмыспен қамтылған қала тұрғындары арасында дерт жұқтыру әлі де басым, соңғы 14 күн ішінде өзін жұмыспен қамтығандар арасында дерт жұқтырғандар – 43,2% (өсім 2,2%), түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері арасында – 17,7% (төмендеу 1,3%, вакциналау бойынша жұмысты күшейту арқасында), зейнеткерлер – 17%(төмендеу 0,2%), сонымен қатар мектеп оқушылары - 9,1% (төмендеу 0,1%) және мектеп жасына дейінгі балалар – 5,8%(төмендеу 0,2%), сырқаттанғандардың жалпы санының 93%-ын құрайды.