Оқулық Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалып отыр
«Әліппе» және «Букварь» оқулықтары Қазақстан мектептеріне қайта оралып жатыр, деп хабарайды Azattyq Rýhy.
Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында оқулықтарды таныстырды.
«Бірінші қыркүйекте өтетін іс-шарада біз алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға салтанатты түрде «Әліппе» оқулығын табыс етуіміз керек. Бұл – игі дәстүр. Аталған бағыттағы жұмысты уақытылы ұйымдастыру кажет. «Әліппе» – бүлдіршіндердің алғашқы оқулығы. «Әліппе» оқулығы әзірленіп, өңірлерге жеткізіліп жатыр. «Әліппе» ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалды», – деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.