5,8 млн қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды

Автор: Azattyq Rýhy

Толық иммундаудан өткендер саны 4,5 млн-ға жуықтады

Фотог: ашық дереккөзден

2021 жылғы 10 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 807 646 адам вакцина салдырды, II компонентпен 4 445 534 адам. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

КВИ-ға қарсы толық иммундаудан өткен халық саны бойынша өңірлер көшін Алматы қаласы бастап келеді. Одан кейінгі орында Түркістан және Алматы облыстары тұр.