Қыркүйектен бастап мектептерде Ashyq жүйесі енгізіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Қосымша тек мектеп қызметкерлері үшін жұмыс істейді

Фотог: ашық дереккөзден

Мектептерде 1 қыркүйектен бастап Ashyq жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Қосымша тек мектеп қызметкерлері үшін жұмыс істейді. Ал оқушылар термометрияны, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті. Балаларды асханада кесте бойынша тамақтандыру жоспарланып отыр. Сыныптарда дезинфекция жүргізіледі.

Жаңа оқу жылдан бастап ата-аналарға білім беру мекемесіне кіруге тыйым салынады.