Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

10-12 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Фото: ашық дереккөзден

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Орталығы Сібірдің батысында орналасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер, елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсерін сақтайды. Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Бұл аймақтардағы температура фоны түнде 8-15 градус, ал күндіз 17- 22 градусқа дейін жылы болады. Республиканың қалған аумағында кең антициклон құрғақ және шуақты ауа-райын қамтамасыз етеді. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.