9 тамызға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

 

9 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: tula.ru

Синоптиктер дүйсенбі, яғни 9 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орталығы Павлодар облысының үстіндегі циклон республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында тұрақсыз ауа райының сақталуына себепші болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстікте, солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ жауып, дауыл соғады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады, жел 15-20 м/с, Қарағанды облысында екпіні 25 м/с жетеді, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай соғады, жел 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жауады, дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл болады.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай соғады, найзағай кезінде жел 18-23 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күндіз 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық сақталады, Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты ыстық, облыстардың оңтүстігінде өте қатты ыстық, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарламада.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.