07.08.2021, 16:51
Жаңалықтар
Дәулет Ниязбеков қола жүлде үшін күресте қарсыласынан жеңіліп қалды
Ол үндістандық Баджранг Баджрангтан 0:8 есебімен ұтылды
Еркін күрестен 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дәулет Ниязбеков Токио олимпиадасында бесінші орынға ие болды деп хабарлайды Olympic.kz.
Жұбаныш белдесуінде жеңіске жеткен Ниязбеков қола жүлде үшін күресте үндістандық Баджранг Баджрангпен кездескен болатын.
Өкінішке қарай, кіші финалда Дәулет қарсыласынан 0:8 есебімен ұтылып қалды.
Айта кетелік, қазақстандық еркін күрес шеберлері Токио олимпиадасынан бір қола еншіледі. 57 келідегі Нұрислам Санаев өз салмағында үздік үштікке енген болатын.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды