Алматыда екі миллионыншы тұрғын дүниеге келді

Автор: Azattyq Rýhy

Аяла Жамбыл шаһардың екі миллионыншы тұрғыны атанды

 
Фото: Kapital.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада екі миллионыншы тұрғынның дүниеге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазірдің өзінде қазақстандықтар 19 миллионға жетті. Ал Алматы халқының саны екі миллионнан асты!», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, Аяла Жамбыл қаланың екі миллионыншы тұрғыны атанды. Ол – полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жәнібекованың отбасындағы алтыншы қыз.

«Денсаулық, амандық пен бақыт тілеймін!», - деп жазды Б. Сағынтаев.