КВИ таралуы бойынша бір өңір ғана «жасыл» аймақта тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Өзге облыстар әлі «қызыл» аймақтан шыққан жоқ

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 1 тамызда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның бір ғана өңірі «жасыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы тұр.   

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 7899 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 626 412 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 158 науқас көз жұмды.