07.08.2021, 13:19
Жаңалықтар
Қазақстанда вакцина салған тұрғындар саны 5 млн 700 мыңға жуықтады
Вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр
Фото: ашық дереккөзден
7 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда 5 692 340 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда елімізде 5 692 340 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 4 311 887 адамға жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында бұрынғыша Алматы қаласы көш бастап тұр. 763 469 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген.
Ал ең аз вакцина салынған өңір ретінде тағы да Маңғыстау облысы тіркелді. Бұл облыстағы тек 109 973 адамға вакцинаның бірінші дозасы егілген.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
22.11.2025, 06:07
«Қазақстан барысы» әнші Тоқтар Серіковке ерекше сыйлық жасады
22.11.2025, 11:07
Өскеменде жалғызбасты ана мен оның бес баласы уланып қала жаздады
22.11.2025, 17:37
Абай Бегей отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады (ВИДЕО)
23.11.2025, 12:22
Астанада жоғалып кеткен 10 жастағы қызды мыңнан астам адам іздеді