Ауғанстанда президент сайлауы 28 қыркүйекте өткен болатын
Ауғанстандағы президент сайлауында Ашраф Ғани 50,6 пайызбен жеңіске жетті. Бұл туралы 22 желтоқсанда Кабулда өткен баспасөз мәслихатында Ауғанстан сайлау комиссиясының төрайымы Хава Алам Нұристани хабарлады.
Ауғанстанда президент сайлауы 28 қыркүйекте өткен болатын. Алайда, дауыс санау түрлі кедергіге тап болуына байланысты осы күнге дейін созылып келген.
Нұристанидің мәлімдеуінше, Ашраф Ғанидің басты қарсыласы Абдуллах Абдуллах 39,5 пайыз дауыс жинаған.