Ол жартылай финалда Франция өкілі Стивен де Костамен кездесті
Токио Олимпиадасында каратэден алғашқы жүлдегер анықталды. Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.
Ол жартылай финалда Франция өкілі Стивен де Костамен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіліп қалды. Дархан - каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол ел қоржынына жетінші қола медаль салды.
Қазақстандық каратэші Дархан Асаділов (67 келі) Токио Олимпиадасында үш жекпе-жекте қатарынан жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Алғашқы жекпе-жекте Асаділов түрік спортшысы Эрай Самданды, ал екінші айналымда әзербайжандық Фирдоуси Фарзалиевті 6:2 есебімен ұтты. Үшінші жекпе-жекте жапон Наото Сагоны айқын басымдықпен (3:0) жеңді. Мысырлық Әли Эльсавиді де жеңіп, Асаділов алты ұпайға ие болып, бірден жартылай финалға өтті.
Токио Олимпиадасында қола жүлде алған қазақстандық спортшылар: