Елордада қалыңдығы жарты метрден асатын қар жауды

Нұр-Сұлтанда жауған қардың қалыңдығы – 60 см

Елордада қалыңдығы жарты метрден асатын қар жауды
Astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда қар қалың жауғандықтан, қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күндізгі ауысымға 1142 техника бірлігі мен 1 799 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 21 желтоқсанның түнгі ауысымына 938 техника бірлігі мен 264 жол жұмысшысы жұмылдырылып, қар тиелген жүк көліктері қала сыртына 2 116 рейс жасады. Кеше түнде елордадан 25 394 текше метр қар шығарылды. 

Жалпы, осы уақытқа дейін полигонға 79 545 рейс жасалып, елордадан 954 540 текше метр қар шығарылды. Мамандар өткен жылға қарағанда биылғы қыста қар қалың жауады деп ескертуде.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше Нұр-Сұлтанда жауған қардың қалыңдығы – 60 см.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.