Дархан Асаділов жартылай финалда француз Стивен да Костамен кездеседі
Қазақстандық каратэші Дархан Асаділов (67 келі) Токио Олимпиадасында үш жекпе-жекте қатарынан жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Алғашқы жекпе-жекте Асаділов түрік спортшысы Эрай Самданды, ал екінші айналымда әзербайжандық Фирдоуси Фарзалиевті 6:2 есебімен ұтты. Үшінші жекпе-жекте жапон Наото Сагоны айқын басымдықпен (3:0) жеңді. Мысырлық Әли Эльсавиді де жеңіп, Асаділов алты ұпайға ие болып, бірден жартылай финалға өтті.
Жартылай финалда Дархан «В» тобының көшбасшысы - француз Стивен да Костамен кездеседі.
Әзірге, Қазақстан құрамасының еншісінде Олимпиаданың 5 қола жүлдесі бар.