Коронавируспен ауырып жатқан 1800-ден астам науқастың жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

202 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фотог: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан 1800-ден астам науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

5 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 107 600 адам коронавирус инфекциясынан (–104 377 + және 3 223 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 29 623 пациент стационарда, 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 1 832 адамның жағдайы ауыр,
  • 417 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 202 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.