Енді қазақстандық балуан қола медаль үшін күреседі
Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық белдесуде қазақстандық Нұрислам Санаев жеңіліп қалды.
Санаев финал жолдамасы үшін таласта үндістандық Рави Кумармен белдескен болатын. Тартысты кездесуді Нұрислам сенімді бастады. Ол қарсыласын бірнеше рет айналдырып, 9:2 есебімен алға шыққан. Бірақ бұл басымдықты ол соңына дейін сақтай алған жоқ.
Белдесу кезінде Санаев аяғынан кішігірім жарақат алып, кейін үнді балуаны әдіске көшті. Нәтижесінде, Рави Кумар Нұрисламды таза жеңіп, финалға шықты. Енді Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола медалі үшін күреседі.