Жаңа антирекорд: коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 149 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2 тамызда коронавирустан қайтқандар статистикасын жариялады

Фотог: ашық дереккөзден

2 тамыз күні Қазақстанда 124 адам - коронавирустан, тағы 25 адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

COVID-19 вирусынан көз жұмғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді – 33 адам.

4 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 016 адам коронавирус инфекциясынан (–103 986 + және 3 030 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 29 325 пациент стационарда, 77 691 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандардың арасында 1 786 науқастың жағдайы ауыр, 412 пациент хәл үстінде жатыр, 209 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.