COVID-19: Қытайда Уханьның барлық тұрғындары тест тапсырады

Автор: Azattyq Rýhy

Дәл осы қалада пандемияның алғашқы ошағы пайда болған

Фотог: ашық дереккөзден

Эпидемияның қайта өршуінің алдын алу үшін Қытай билігі Уханьның барлық тұрғындарын коронавирусқа тестілеуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Дәл осы жерде пандемияның алғашқы ошағы пайда болды. Бұл шешім туралы қалалық әкімшілік Бас хатшысының орынбасары Ли Тао мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Біз барлық тұрғындарды коронавирусқа шұғыл тестілеуге кірісеміз. Оны қысқа мерзімде аяқтауды жоспарлап отырмыз және мүмкіндігінше тез әрекет етеміз», - деді Ли Тао баспасөз мәслихатында.

Уханьға жақын Хубэй провинциясында алғаш рет инфекцияны жұқтырған адамдар табылды. Нақты айтқанда, өңірде 14 науқас анықталды. Оның ішінде асимптоматикалық тасымалдаушылар да бар. Олардың сегізі Ухань қаласында тұрады.

2021 жылғы Қытай Халық санағының нәтижесі бойынша Ухань халқы 12,3 миллион адамды құрайды.