Атырауда караоке-бар күзетшісі мониторинг тобының мүшесін соққыға жыққан

Автор: Azattyq Rýhy

Қалалық жер қатынастары бөлімінің қызметкеріне жұдырығын ала жүгірген

фото: yandex.kz

1 тамызда Атырауда таңғы 4 шамасында «Рыба моей мечты» караоке-барының күзетшісі мониторинг тобының мүшесін соққыға жықты, деп хабарлайды azh.kz.

Караоке-бар барлық тыйымға қарамастан түнімен жұмыс істеді. Атырау қаласы әкімдігі жанындағы мониторинг тобының мүшелері ереже бұзушылықты рәсімдеу үшін ішке кірмек болған. Бірақ күзетші кедергі келтіріп, қалалық жер қатынастары бөлімінің қызметкеріне жұдырық ала жүгірген.

«Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.