Синоптиктер 22 желтоқсанда республиканың бір мегаполисі мен бес облысында дабылды ескерту жариялады
22 желтоқсанда Шымкентте көктайғақ, бұрқасын, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады деп күтілуде.
Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында – қар, көктайғақ және бұрқасын. Желдің екпіні 25 м/с дейін барады.
Қостанай облысының кейбір аумағында тұман түсіп, бұрқасындатады, жел күшейеді.
Қызылорда облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын сақталады. Түнде желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысында түнде тауларда қалың қар жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтілуде, желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшеймек.