Қазақстанда КВИ вакцинасын алғандар саны 5,4 млн-нан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Екпе алғандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда КВИ вакцинасын алғандар саны 5,4 млн-нан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

2021 жылғы 2 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 429 636 адам вакцина салдырды, II компонентпен 3 837 063 адам.

Өңірлер арасында екпе алғандар саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Мегаполисте 727 мыңнан астам адам вакцинацияланған.