Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Боксшы жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен кездеседі

 

Фото: Қазақстан ҰОК

Токио олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақта ширек финалдық жекпе-жектер жалғасуда, деп хабарлайды Olympic.kz

Аса ауыр салмақта сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовпен кездесіп, жеңіске жетті. 

Ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Бірінші және екінші раундта төрешілер жеңісті Қамшыбекке берсе, үшінші раундта Иван Верясовтың белсенділігі есепке алынды. 

Жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен кездеседі.