Финалда Милад Карими 14.133 балл жинады
Қазақстандық гимнаст Милад Карими еркін жаттығу бойынша Олимпиадада бесінші болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Финалда Милад 14.133 балл жинап, Токиодағы ең мықты бес спортшының қатарына кірді.
Турнирде бірінші 14.933 көрсеткішімен израильдік Артем Долгопят, екінші испаниялық Рейдерлей Запата (14.933) болды. Ал үшінші орында қытайлық Сяо Руотеннің (14.766) аты аталды.