Еліміз бойынша 1652 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 91 адам қайтыс болды.
1 тамыздағы мәлімет бойынша, 98 931 адам коронавирус инфекциясынан (–96 145 + және 2 786 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 28 162 пациент стационарда, 70 769 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 652 адамның жағдайы ауыр,
• 417 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 187 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 30 шілдедегі мәлімет бойынша 275 жаңа жағдай тіркелді, 108 адам жазылып шыққан, 13 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
науқастар саны – 61168;
өлім жағдайы – 3724;
барлығы 54658 адам сауығып шықты.