Токио Олимпиадасы: коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Токиодағы төтенше жағдай 31 тамызға дейін ұзартылды

фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Олимпиадада тағы 21 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq-Ruhy Хабар24kz сайтына сілтеме жасап.

Олимпиада қатысушылар мен делегаттар арасында вирус жұқтырғандр саны 250-ге жақындады. Ал шара өтіп жатқан Токиода вирус жұқтыру қарқыны жоғары. Осыған байланысты төтенше жағдай 31 тамызға дейін ұзартылды.

«Билік вирустың таралуын тежеу үшін төтенше жағдай тәртібін ұзартты. Алайда оның пайдасы шамалы сияқты. Өйткені бұл тәртіпке қарамастан мейрамханалар жұмыс істеп тұр. Адам көп. Меніңше, билік тұрғындардың жүріс-тұрысын шектеуі керек. Мүмкін сонда бұл шара өз тиімділігін көрсететін шығар», - дейді жергілікті тұрғын Наоки Тамура.