Иманғали Тасмағамбетовтің анасы қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ділда Қоқанова 89 жаста болған. Қайғылы хабар туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайтында хабарланды

Фото: ашық дереккөзден

Иманғали Тасмағамбетовтің анасы Ділда Қоқанова қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап. 

«Ділда апа үлкен жүректі, кең парасатты, ұлтжанды, ақ жарқын жан болатын. Ол өзінің адамгершілігі мен қарпайым мінезі, зор шығармашылық ой-өрісі мен қайраткерлігінің арқасында көпшіліктің көңілінен шығып, ел-жұртының үлкен ілтипатына бөленді. Оның өмір жолы мен шығармашылық еңбегі бүгінгі және келешек жастар үшін өнегелі де өрісті жол. Біз Ділдә Матайқызын әрқашан жоғары иманды, мәдениетті, қол ұшын созуға дайын және адамгершілігі зор адам ретінде есте сақтаймыз», - деп жазылған елшіліктің сайтында.