21.12.2019, 13:29
Жаңалықтар
Ұлыбритания Еуроодақтан 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін шығады
Британияның Қауымдар палатасы Брексит туралы заң жобасын мақұлдады
Фото: bbc.com
Британия парламентінің Қауымдар палатасы Брексит туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
Құжат бойынша Ұлыбритания Еуроодақтан 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін шығады. Құжатты 358 депутат қолдаса, 234 депутат қарсы шыққан.
«Мерзімінен бұрын өткізілген парламент сайлауында Консервативті партия жеңіске жеткеннен кейін Қауымдар палатасының құрамы өзгерді. Бұл Борис Джонсонға заң жобасына Брексит уақытын кейінге қалдырмау туралы тармақ енгізуге мүмкіндік берді», деп жазады басылым.
Енді заң жобасын парламенттің жоғарғы палатасы қарап, патшайым Елизавета екінші бекітуі тиіс.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды