Республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашын жауады
Синоптиктер сенбі, яғни 31 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен найзағай болып, өткінші жаңбыр жауады, солтүстіктің кей жерлерінде бұршақ жауады. Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде антициклон жоталарының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Жамбыл облыының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с, шаңды дауыл соғады.
Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, күндіз Қарағанды обысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с және шаңды дауыл соғады.
Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.