Қазір әуе апатының себебін анықтау үшін тергеу басталды
Венесуэлада жекеменшік ұшақ құлап, тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
Венесуэланың бас прокуроры Тарек Уильям Саабтың айтуынша, ұшақ елдің оңтүстігіндегі Боливар штатынан астанаға ұшқан және ұшақ апаты елдің астанасы Каракас қаласындағы әуежайдан 8 шақырым жерде болған.
Қайтыс болғандардың барлығы Венесуэла азаматтары және кәсіпкерлер екені белгілі. Олар инвесторлармен кездесуге ұшқан.
Қазір әуе апатының себебін анықтау үшін тергеу басталды.