Ол қылмысы үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Семей қаласының №2 соты банк қызметкерін жұмысынан ақша ұрлағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы азамат қаражатты құмар ойынға - бәс тігуге жұмсаған, деп хабарлайды semeynews.kz.
Сотталған азамат 2020 жылдың тамызынан қараша айына дейін банк қызметкері ретінде жұмыс істеп, банкоматтардан жалпы сомасы 17 095 000 теңге ақша жымқырған екен.
«Келтірілген деләлдердің негізінде сот оған 7 жыл бас бостандығынан айыруды, қаржы саласындағы материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыруды тағайындады. Сотта жәбірленушілерге азаматтық талап арыз берілген жоқ», - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.