ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 870 мыңнан асты

Боксшыларымыз 3 медаль ала алады - Серік Сәпиев

Олимпиада додасында жүлдеге үмітті төрт боксшымыз қалды

Серік Сәпиев, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасын жеңген сәті

Спорт және денешынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасындағы қазақстандық боксшылардың нәтижесіне баға беріп, жарысты жалғастырып жатқан төрт боксшыдан кемі 3 медаль күтетінін айтты.

«Үш медаль алуға мүмкіндігіміз бар деп айтар едім, тіпті төрт медаль. Жарыста қалған төрт боксшымыздың да жүлделі оралуға шамасы жетеді. Бәрінен үміттіміз, қарсыласты зерттеп жатырмыз. Ары қарай боксшылардың өзіне байланысты», - деді Серік Сәпиев ОКҚ-да өткен брифингте.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасына аттанған қазақстандық 9 боксшының бесеуі - Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов, Бекзад Нұрдәулетов және Надежда Рябец жарыс жолынан шығып қалды.

Жарысты жалғастырып жатқан боксшылар - Әбілхан Аманқұл, Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов және Закир Сафиуллин.